Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған табиғи апаттан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдің Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасы су тасқыны, дауыл және көшкін жүргенін мәлімдеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы 48 сағат ішінде қолайсыз ауа райы бірнеше аймаққа қауіп төндірді. Табиғи апат салдары Кабул, Забуль, Кандагар, Саманган, Тахар, Нангархар, Лагман және Кунар провинцияларында сезілген.

Адам шығынынан бөлек, табиғи апат елді мекендердің инфрақұрылымына үлкен нұқсан келтірді. Алдын ала есептелген материалдық шығындардың көлемі нақтыланбаған. Қазіргі уақытта жергілікті билік орындары апаттың салдарын бағалап, зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына шұғыл көмек көрсету шараларын ұйымдастырды.

Ұқсас жазбалар

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медиа саласының мамандарына баспана кілттері берілді.

Астанадағы ескі вокзалда асхана төбесі опырылды

Астанадағы ескі теміржол вокзалы аумағындағы асханада төбе опырылып, екі адам медициналық көмекке жүгінді.

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін жариялады. Мемлекет басшысы қызметінен кеткен соң елде мерзімінен бұрын…