Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Сурет: Ақорда

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін жариялады. Бұл туралы ол ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы қызметінен кеткен соң елде мерзімінен бұрын парламенттік және президенттік сайлау өткізу жоспарлануда. Саяси науқандар биылғы жылдың күзінде өтеді деп күтілуде.

Александр Вучич Сербия президенті лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келді. Ол 2022 жылы екінші мерзімге қайта сайланған еді. Заң бойынша оның өкілеттігі 2027 жылдың мамырында аяқталуы тиіс болатын.

Елде бір жарым жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылық шерулері жалғасуда. Қоғамдық толқулар Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында шатырдың құлауынан басталған еді. Сол оқиға салдарынан 16 адам қаза тапты. Тұрғындар бұл трагедияны мемлекеттік инфрақұрылымдық жобалардағы сыбайлас жемқорлық пен салғырттықпен байланыстырды.

Ұқсас жазбалар

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медиа саласының мамандарына баспана кілттері берілді.

Астанадағы ескі вокзалда асхана төбесі опырылды

Астанадағы ескі теміржол вокзалы аумағындағы асханада төбе опырылып, екі адам медициналық көмекке жүгінді.

Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты

Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған табиғи апаттан кемінде бес адам қаза тапты.