Сурет: Egemen Qazaqstan
Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Үшінші тур аясында Криштиану Роналду үздік сұрмергендер тізімінде Лионель Мессимен арадағы айырмашылықты қысқартып, өзінің бұрынғы бабына оралғанын дәлелдеуге тырысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Лионель Месси бас бапкердің шешімімен бүгінгі матчқа қатыспауы мүмкін. Топтық кезеңдегі соңғы ойында Англия құрамасы да барын салып, мықтылығын дәлелдеуі керек.
Кейбір құрамалар үшін бүгінгі кездесу әлем чемпионатындағы соңғы ойын болмақ. Үшінші турдағы соңғы кездесуді 12 команда түйіндейді.

