Categories Саясат

Қазақстан мен Еуропалық прокуратура өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бас Прокурор Берік Асылов Люксембургке жұмыс сапарымен барып, Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Келіссөздер барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық, трансұлттық қылмысқа қарсы бірлескен күрес, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, активтерді іздестіру және қайтару мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Еуропалық прокуратура арасында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Бұл халықаралық құжат қазақстандық прокуратураның Еуропалық Одақ прокурорларымен тікелей әрекеттесуінің құқықтық негізін қалыптастырады. Ол жедел ақпарат алмасуды, бірлескен тергеу топтарын құруды, қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздестіру, оларға тыйым салу және тәркілеу мәселелері бойынша өзара көмек көрсетуді қамтиды.

Сондай-ақ Берік Асылов Люксембургтің Бас прокуроры Джон Петримен кездесу өткізді. Тараптар қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ прокурорлық қызметтің озық тәжірибелері мен тиімді практикаларын алмасу мәселелерін жан-жақты талқылады.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Ұқсас жазбалар

Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезінде делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты партия төрағасы етіп сайлады.

Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане

В Парламентской ассамблее Совета Европы (ПАСЕ) принята письменная декларация «Конституционный референдум в Казахстане: новый этап…

Елдік бағдарламаға көшу мәселесі талқыланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ХЕҰ өкілі Михаил Пушкинмен кездесіп, Елдік бағдарламаға…