Сурет: sports.ru
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде турнир қожайындарының бірі саналған Мексика құрамасы қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Үшінші тур аясында Чехияны 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мехикодағы Ацтека стадионында өткен кездесудің есебі екінші таймда ашылды. 55-минутта Матео Чавес Луис Ромоның пасын ұтымды пайдаланып, қақпаға дәл соққы жасады. Араға алты минут салып, Хулиан Киньонес есеп айырмасын екі допқа жеткізді.
Қосымша уақыттың соңғы минуттарында Альваро Фидальго қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есепті 3:0-ге жеткізді.
Осылайша, Мексика құрамасы топтық кезеңдегі үш матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 9 ұпаймен А тобында бірінші орын алды. Ал Чехия құрамасы бір ғана ұпай жинап, әлем чемпионатымен қоштасты.
Айта кетейік, осы ойында аты аңызға айналған қақпашы Гильермо Очоа алаңға шықты. 40 жастағы голкипер Лионель Месси, Криштиану Роналдумен бірге мундиальға алтыншы мәрте қатысқан тарихтағы жалғыз қақпашы болып отыр.

