Categories Әлем

Көлсай жағасына үш көлікті өткізген инспекторға сөгіс жарияланды

Сурет: видеодан алынған кадр

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы қызметтік міндетін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Парк әкімшілігінің мәліметінше, аумақтағы тәртіптің сақталуын тексеру барысында көл жағасына үш автокөліктің түскені анықталған. Тексеру кезінде инспектордан жазбаша түсініктеме алынып, ол көліктердің жағалауға өткенін растаған.

Инспектордың айтуынша, көліктерде қарт адамдар, әйелдер мен балалар болған. Сонымен қатар қайықтарға жеткізілуі тиіс азық-түлік пен көлемді жүктер тасымалданған.

Алайда арнайы тексеру жұмыстары бұл көліктердің қозғалысқа мүлдем рұқсат берілмейтін ерекше локацияға дейін барғанын нақтылады. Осыған байланысты мемлекеттік инспекторға қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.

Ұлттық парк әкімшілігі табиғи аумақтардағы белгіленген тәртіп пен экологиялық талаптардың қатаң сақталуы бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Германия билігі зейнет жасын 70-ке дейін көтеруді ұсынды

Германияда зейнетке шығу жасын 70 жасқа дейін біртіндеп көтеру ұсынылды. Бұл бастаманы ел канцлері Фридрих…

Мексика құрамасы топтық кезеңде үш матчта да жеңіске жетті

Мексика құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде үш матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 9 ұпаймен А тобында…

ОАР әлем чемпионатында алғаш рет плей-оффқа шықты

Оңтүстік Африка Республикасы әлем чемпионатының А тобындағы соңғы турда Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, тарихында…