Categories Спорт

Қазақстандық мерген қыздар әлем чемпионатында алғаш рет алтын алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның стенд атудан жасөспірімдер командасы ISSF әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Қыздар арасындағы «Трап» жаттығуында олар командалық есепте 337 нысананы дәл көздеп, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

16-26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жарыста қазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті. Чемпиондар құрамына Элеонора Ибрагимова, Мария Горун және Милана Папчихина кірді.

Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысуда. Қазақстан намысын 13 мерген қорғап, жекелей және командалық сында бақ сынауда.

Бұл алтын медаль Қазақстанның стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңісі. Жетістік отандық спорттың даму деңгейі мен халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

Ұқсас жазбалар

13 жылдан кейін Қазақстанның әйелдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында қола алды

Қазақстанның әйелдер құрамасы 13 жылдан кейін семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды. Команда Сингапурды…

Әлем чемпионаты: бүгін үшінші тур ойындары басталады

Бүгін футболдан әлем чемпионатының үшінші тур кездесулері басталады. 25 маусымға қараған түні A, B, C…

Колумбия Конгоны 1:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды

Колумбия әлем чемпионатының K тобында Конгоны 1:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды.