Жастар роман оқиды: ЕҰУ-да Қуаныш Жиенбаймен кездесу өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуаныш Жиенбаймен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында қаламгердің «Аралқұмдағы ақырғы аялдама» романы талқыланды. Жиынға модераторлық еткен филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек жазушы шығармашылығына кең көлемде талдау жасап, баяндама оқыды.

«Қазіргі заманғы қазақ романы» байқауы аясында жарық көрген романның тақырыптық мәні, жанр жүйесі мен көркемдік ерекшелігі, мәтін құбылысы сөз етілді. Шығарма желісі Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан Аралқұм бекетінде дамиды. Автор қарапайым жандардың тыныс-тіршілігін, қоғамдағы құндылықтардың өзгерісін, өмірдің сындарлы кезеңдерін шынайы көркемдікпен бейнелейді.

Кездесудің мазмұнын байытқан маңызды тұстың бірі студенттердің шығармаға қатысты ой-толғамдары болды. Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, PhD Жанбота Кәріпбайдың жетекшілігімен білім алушылар «Аралқұмдағы ақырғы аялдама» романына арнаған әдеби-танымдық эсселерін оқып, туынды туралы көзқарастарын ортаға салды.

Жастардың жазбаларында Арал өңірінің экологиялық ахуалы мен кейіпкерлер тағдыры сабақтастырыла талданған. Автор көтерген мәселелерге қатысты тың пайымдар айтылып, романның бүгінгі қоғаммен үндес қырлары сөз болды. Бұл еңбектер көркем шығармаға берілген баға ғана емес, жас буынның қоғамдық мәселелерге сергек қарайтынын, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын да аңғартты. Кездесу барысында өрбіген пікірталас студенттер мен оқытушылар арасындағы еркін ой алмасуға ұласып, жиынның мәнін арттыра түсті.

Жарқын жүздесуде автор Қуаныш Жиенбай да сөз алып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Қаламгер еңбегі, шығармашылық зертханасы төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді. Жазушымен жүздесуге университет оқытушылары, студент жастар, магистранттар мен докторанттар да қатысты.

Ұқсас жазбалар

Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өлімінің себебін атады

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы…

Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды

Мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар әскерде қызмет ету кезінде алған ауыр ми жарақатынан көз жұмды.…

Тоқаев Брюссельде Тони Блэр және еуропалық бизнес көшбасшыларымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельде Тони Блэр, Groupe ADP, Inditex Group және Mediterranean Shipping Company басшыларымен кездесіп,…