Categories Спорт

Саламат Исбуллаев 27 маусымда Сан-Диегода Эй-Джей Маккимен жекпе-жек өткізеді

Сурет: sportplustv.kz

АҚШ-тың PFL лигасының жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Саламат Исбуллаев кезекті жекпе-жегін 27 маусымда Сан-Диегода жергілікті жұлдыз Эй-Джей Маккиге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

29 жастағы қазақ файтері кәсіпқойлар арасында 10 рет октагонға шығып, барлығында басымдықпен жеңіске жетті. Оның қарсыластары арасында Швеция, Аустрия, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Бразилия спортшылары бар. Саламат бірнеше бәсекелесін «қылқындыру» әдісімен ұтса, соңғы жекпе-жегін 7 ақпанда Дубайда PFL-дың экс-чемпионы Хесус Пинедоды нокаутқа жіберді.

Қарсылас Эй-Джей Макки 31 жаста, Калифорния штатының тумасы. Ол 26 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен, оның 14-і мерзімінен бұрын аяқталған. Макки екі рет қана жеңілген: Патрисио Питбуль мен Пол Хьюздан төрешілер шешімімен ұтылды. Ол Bellator ұйымының чемпионы болып, Гран-при додасында жеңіске жетіп, бірқатар рекорд жаңартты. Соңғы жекпе-жегінде 20 наурызда мажарстандық Адам Боричті ұпай санымен ұтты.

Бұл айқас Саламат үшін үлкен мүмкіндік. Егер ол өз салмағында екінші орында тұрған Маккиді жеңсе, келесі жекпе-жектерінің бірінде PFL чемпиондық тәжіне таласуы мүмкін. Қазіргі рейтингте Саламат алтыншы сатыда тұр.

Ұқсас жазбалар

Колумбия Конгоны 1:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды

Колумбия әлем чемпионатының K тобында Конгоны 1:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды.

Роналду дубль жасады: Португалия Өзбекстан қақпасына бес гол соқты

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Өзбекстан құрамасы Португалиядан жеңіліс тапты.

19 жастағы Кирилл Проходов семсерлесуден Азия чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді

19 жастағы Кирилл Проходов семсерлесуден Азия чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді. Қазақстан құрамасы Жапонияны 45:40 есебімен…