Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ғимаратында облыс әкімі Н.Төреғалиевтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Департамент басшысы М.Байсалов, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызмет ардагерлері және мемлекеттік қызмет саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметшілер қатысты.

Салтанатты жиында мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, халыққа сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері атап өтілді.

Мереке аясында мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметші Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д.Жазықбайдың атынан ведомстволық наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, бір мемлекеттік қызметші «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, бес мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметшілер «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша марапатталды.

Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған «Ана тілім — арым» дәстүрлі облыстық байқауының және мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының жеңімпаздары да марапатталды.

Мемлекеттік қызметті дамытуға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Департаменттің бірқатар қызметкеріне Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, адалдығын және қоғам алдындағы жауапкершілігін дәріптеуге бағытталды.

Ұқсас жазбалар

Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді

27 маусым күні Алматы облысында ат спортының олимпиадалық түрі – конкурдан чемпионат өтеді. Талғар ауданындағы…

Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура

Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің таралу фактілері…

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…