Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Президентінің Брюссельге ресми сапары басталды. Бельгия астанасының әуежайында Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді. Брюссельге ресми сапар аясында екіжақты…

Мемлекет басшысы Бельгиядағы отандастармен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесті.

Талдықорған теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды

Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталған соң теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті.