Categories Спорт

Испания Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ұтып, әлем чемпионатында көш бастады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Әлем чемпионатының H тобындағы екінші тур ойынында Испания мен Сауд Арабиясы құрамалары АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz стадионында кездесті. Испания 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Матчтың 10-минутында Ламин Ямаль есеп ашты, бұл оның әлем чемпионаттарындағы алғашқы голы болды. 21-минутта Микель Оярсабаль еуропалықтардың басымдығын еселеді, ал үш минуттан кейін ол дубль жасады. 49-минутта Сауд Арабиясының қорғаушысы Хассан Әл-Тамбакти өз қақпасына гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді.

Екі турдан кейін Испания төрт ұпаймен топты бастап тұр, ал Сауд Арабиясы бір ұпаймен соңғы орында. Үшінші турда Испания Уругваймен, ал Сауд Арабиясы Кабо-Вердемен кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: бүгін Аргентина, Австрия, Франция және басқа құрамалар алаңға шығады

Бүгін әлем чемпионатында Аргентина мен Австрия, Франция мен Ирак, Норвегия мен Сенегал, Алжир мен Иордания…

Египет Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңіп, үш ұпай алды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының G тобындағы екінші тур матчында Египет құрамасы Жаңа Зеландияны 3:1…

Кабо-Верде мен Уругвай арасындағы матч тең аяқталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Кабо-Верде мен Уругвай құрамалары тең түсті.