Сурет: Egemen Qazaqstan
Алжир футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Аргентинаға қарсы ойыннан кейін ФИФА-ға ресми шағым жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алжир тарапы матч барысында поляк төрешісі Шимон Марциняктың бірнеше шешіміне наразылық білдірді. Олардың пікірінше, 32-минутта Аргентина капитаны Лионель Мессиге қызыл карточка көрсетілуі керек еді. Сондай-ақ 74-минутта аргентиналық жартылай қорғаушы Алексис Мак Аллистердің қарсылас ойыншыға шынтағымен соққы жасағаны үшін жазаланбағаны сынға алынды.
Матч Аргентинаның 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Үш голды да Лионель Месси соғып, хет-трик жасады. Қазіргі уақытта ФИФА бұл шағымға ресми жауап берген жоқ.

