Categories Әлем

Британияда екі жолаушы пойызы соқтығысып, бір адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлыбританияда екі жолаушы пойызы соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды. Апат Бедфорд қаласы маңындағы теміржолда болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғадан 89 жолаушы жараланды, оның екеуінің жағдайы өте ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бірінші пойыз қауіпсіздік жүйесінің істен шығуына байланысты тоқтап қалған, ал артынан келе жатқан екінші пойыз оған соғылған. Соққыдан бір вагон рельстен шығып кетті.

Оқиға орнында полиция, өрт сөндірушілер, 20 жедел жәрдем тобы мен санавиация жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Екатеринбургте жүзге жуық жасөспірім дүкендерді тонаған

Екатеринбургте теміржол вокзалы маңындағы бірнеше дүкенді жүзге жуық жасөспірім тонап кетті. Олар 20 адамнан тұратын…

Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады

Қазақстанның көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмысын тұрақты…

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев Садыр Жапаровқа қосымша мандат беруді ұсынды

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев Ыстықкөл форумында қазіргі президент Садыр Жапаровқа қосымша мандат беру қажеттігін…