Сурет: Egemen Qazaqstan
Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі Алматыға ұшып келді. Қазақстан бұл компанияның Орталық Азиядағы алғашқы бағыты болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасованың мәліметінше, жаңа апталық бағыт 100 тоннадан астам жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық экспорттаушылар мен халықаралық саудаға қосымша мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, бағыт Қазақстанның Дубаймен көлік-логистикалық байланысын жаңа деңгейге көтереді.
Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Emirates әуе компаниясының басшылығымен кездестім. Авиация, жүк тасымалы және көлік-логистикалық байланыстарды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқыладық. Әріптестерімізге сенімдері мен сындарлы серіктестігі үшін алғыс айтамын. Бірлескен жұмыс Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін, – деп жазды Әсел Жанасова Instagram парақшасында.

