Президент: Дәрігерлердің қауіпсіздігі ерекше бақылауда болады

Сурет: shutterstock.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Ақордада медицина қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында Президент дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында 280 мыңнан астам маман жұмыс істейді.

«Олардың мәртебесін көтеру және беделін күшейту еліміз үшін басымдыққа ие міндет болып қала береді», деді Мемлекет басшысы.

Президент жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аударылғанын атап өтті. Сондай-ақ ол дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуға тиіс екенін айтып, былтыр кәсіби мереке қарсаңында өткен жиында осы мәселеге арнайы тоқталғанын еске салды.

«Сол себепті мен осы жылдың басында медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңға қол қойдым. Бұл шешім қоғамымызда берік орнығып жатқан Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді», деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жазбалар

Астанада 111 адамды алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

Астанада азаматтарды оқуға түсіріп, грант алып беремін деп алдаған алаяқ 4 жылға сотталды. 111 адам…

Президент: Сот жүйесі әрбір өркениетті елдің дамуына негіз болады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы сот өкілдерін қабылдап, сот жүйесінің маңызын атап…

Президент бала өмірін арашалаған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің қоғамдағы ерекше рөліне тоқталып, Қарағанды облысында төрт жасар баланың өмірін…