Categories Көңіл ашар

Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

10-12 шілде аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» дәстүрлі фестивалі өтеді. Іс-шара Катонқарағай мен Берел ауылдарында ұйымдастырылып, түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль аясында ақындар айтысы, халықаралық концерттер, этно-көрмелер, ұлттық спорт ойындары және қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Шараның басты мақсаты – Алтайды түркі өркениетінің алтын бесігі ретінде танытып, бауырлас халықтардың рухани байланысын нығайту.

Фестивальде көрермендер этнографиялық қойылымдар, тарихи композициялар, дәстүрлі ән-күй мен билерді тамашалай алады. Ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлініп, көкпар, аламан бәйге және басқа да жарыстар ұйымдастырылады, қонақтар үшін этно ауыл тігіледі.

Фестиваль жыл сайын Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және басқа түркі елдерінің өнер өкілдерін бір алаңға жинайды. Бұл шара Алтай өңірінің туристік әлеуетін арттырып, халықаралық мәдени байланысты дамытуға үлес қосады. Рухани-мәдени кештің басты қонағы – Димаш Құдайберген.

Ұқсас жазбалар

Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі проза жанрына арналған «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады.

Жозимардың қақпасы сыр бермеді: Испания-Кабо-Верде матчы тең аяқталды

Кеше дүниежүзілік доп додасының тағы төрт ойыны өтті. Испания мен Кабо-Верде, Сауд Арабиясы мен Уругвай,…

Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді

Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндердің жұбы әкелінді. Жануарлар 6 сәуірде жеткізіліп, ветеринарлық бақылаудан өткен.