Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Сурет: Видеодан алынған кадр

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде орналасқан балалар алаңында өрт шықты. Әлеуметтік желілерде өрт сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбадан оттың ойын құрылғысын толықтай дерлік шарпығаны байқалады. Қала тұрғындары алаңның жойылғанына өкініш білдірді.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өртті сөндіру барысы туралы мәлімдеді.

«Бүгін таңертең 112 нөміріне Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінің аумағындағы алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірді», — делінген хабарламада.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

17 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 17 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және…