Categories Әлем

Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Иран Қазақстанға Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы бар порт аумағынан жер телімін беруге келісті. Өз кезегінде Қазақстан ирандық тарапқа Каспий теңізіндегі Ақтау мен Құрық порттарының инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік ұсынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Үкіметінің мәліметінше, Иран билігі Ормұз бұғазының солтүстік жағалауында орналасқан Шахид Раджаи терең су порты аумағынан жер телімін беру рәсімдерін аяқтаған. Соңғы құқықтық мәселелер реттелгеннен кейін нысан Қазақстан тарапының қарауына өтеді.

Сонымен қатар Иран Қазақстанға Үнді мұхитына шығатын маңызды теңіз қақпаларының бірі саналатын Чабахар портын дамыту жобасына қатысу мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл бағыт Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығудың ең қысқа жолдарының бірі ретінде қарастырылады.

Кездесу барысында тараптар халықаралық «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту мәселелерін де талқылады. Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысында осы бағыт бойынша жүк тасымалы 12 пайызға өсіп, 3,5 миллион тоннаға жеткен. Ал Қазақстан мен Иран арасындағы теміржол арқылы тасымал көлемі 69 пайызға артқан.

Транзиттік әлеуетті күшейту мақсатында екі ел көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі бірлескен жол картасын әзірлеуге уағдаласты. Жоба жүзеге асқан жағдайда дәліздің өткізу қабілеті жылына 20 миллион тонна жүкке дейін ұлғаюы мүмкін.

Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Иран арасында тарифтік ынтымақтастықты кеңейту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл өңірлік транзит бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Шри-Ланкада бұрынғы президенттің ұлы қамауға алынды

Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың екінші ұлы Йошита Раджапакса қамауға алынды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Сурет: Instagram ICEGOV АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда арнайы операция кезінде…

Трамп Иранмен уақытша бітім келісімінің шарттарын атады

Дональд Трамп Иранның ешқашан ядролық қаруға ие болмайтынын және Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасы тегін…