Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық гимнастика федерациясы Милан қаласында өтетін жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімін шығарды. Жекелей сында еліміздің намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хакимжанова өнер көрсетеді.
Әлем кубогының кезеңі 10-12 шілде аралығында өтеді.

