Сурет: Egemen Qazaqstan
Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші күні аяқталды. Алты боксшымыздың төртеуі келесі кезеңге жолдама алса, екі спортшымыз жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Санатәлі Төлтаев Әзербайжандық Малик Хасановпен кездесуінде екінші раундта қарсыласының жарақат алуы себепті келесі айналымға өтті. Тимур Нұрсейітов ирландиялық Тадхг Одонеллді 3:2 есебімен жеңді. Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Им Э Джиден 5:0 есебімен басым түсті. Лаура Есенкелді испаниялық Униа Мартинез Масты 5:0 есебімен ұтты.
Тимур Қабдешов бразилиялық Келви Триндадқа 1:3 есебімен есе жіберсе, Нұрбек Оралбай Әлем чемпионы, өзбекстандық Тұрабек Хабибуллаевтан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

