Categories Спорт

Бельгия мен Мысыр құрамалары тең тарқасты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Футболдан әлем чемпионатының G тобындағы бірінші турда Бельгия мен Мысыр құрамалары 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Lumen Field стадионында өтті. Ойынды бразилиялық төреші Рамон Абатти басқарды.

Есепті 20-минутта Эмам Ашур ашты, бірақ 66-минутта Мохамед Хани өз қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Осы автогол мысырлықтарды жеңістен айырды. Қалған уақытта есеп өзгермеді.

Осы нәтижемен екі құрама да бір ұпайдан алды.

Ұқсас жазбалар

Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогына Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

ҰОК Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамын жариялады.

Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен жеңді

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы Франция мен Сенегал құрамалары алғашқы ойынын өткізді. Бұл кездесуде 3:1…

Конференция лигасында «Астана» мен «Елімай» кіммен ойнайтыны белгілі болды

«Астана» Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» клубымен кездеседі. Ал «Елімай» Арменияның «Алашкерт»…