Categories Жайық news

Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Сурет: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде «Сары-Арқа Компани» ЖШС пойызында жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада ер адамның жүрек талмасынан көз жұмғаны айтылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тасымалдаушының мәліметінше, вагон ішінде ер адамның кенеттен жағдайы нашарлаған. Жолсерік бұл туралы дереу пойыз бастығына хабарлап, кейін машинист арқылы жедел жәрдем бригадасы шұғыл шақырылған.

Марқұмның жұбайының айтуынша, ер адам жүрегіне жасалған операциядан кейін емханадан қайтып келе жатқан. Дәрігерлер пойызға сағат 23:49-да келіп, жолаушыны тексерген, қан қысымын өлшеп, көктамыр арқылы екпе жасаған. Алайда көп ұзамай ер адам есінен танып қалған. Түнгі сағат 00:30-да медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын тіркеді.

Марқұмның мәйіті сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Көкшетау стансасында пойыздан түсірілді. Шұғыл медициналық және тергеу шараларына байланысты пойыздың қозғалысы 43 минутқа кешіккен.

Ұқсас жазбалар

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…

«ИНДЕРБОР – ОРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ЖОБАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«Индербор – Орал» теміржол желісінің құрылысы перспективалы жобалар тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас…

Көліктерді аулаларға, көгалдарға және ойын алаңдарына қоюға тыйым салынады

Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа үлгілік қағидалары күшіне…