Categories Қоғам

Балқашта зейнеткер қызынан алимент талап етті

Сурет: Ерлан Омар|egemen.kz

Балқаш қаласында зейнеткер азамат қызынан ай сайын 10 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұрап, сотқа талап-арыз берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Талап қоюшы күнделікті тұрмыстық қажеттіліктері мен дәрі-дәрмекке тұрақты шығындары бар екенін, ал қызы тарапынан материалдық қолдау көрсетілмейтінін алға тартқан.

Алайда сот «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 145-бабына сәйкес, кәмелетке толған балалар тек еңбекке жарамсыз әрі нақты көмекке мұқтаж ата-аналарын асырауға міндетті екенін ескерген.

Іс материалдары бойынша талап қоюшы ай сайын 128 229 теңге зейнетақы алады, жылжымайтын мүлкі мен автокөлігі бар. Ем-домға үлкен шығындары туралы дәлелді құжаттар сотқа ұсынылмаған.

Жауапкер қызы екі баланы жалғыз тәрбиелеп, айына 85 мың теңге жалақы алатынын, отбасылық жүктемесі жоғары екенін айтып, талаппен келіспеген.

Сот талап қоюшының материалдық жағдайы өмірлік қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті, ал қосымша көмекке мұқтаж екендігі дәлелденбеген деп шешті. Тараптар арасындағы бұрыннан келе жатқан келіспеушіліктер де дауды ушықтырған.

Барлық мән-жайды ескере отырып, сот талап қоюшыны «көмекке мұқтаж» санатына жатқызуға негіз жоқ деп тауып, талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Ұқсас жазбалар

Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz. — 2026 жылдың…

Астанадағы №99 мектепте смарт сынып ашылды

Астанадағы №99 мектепте смарт сынып ашылды. Мұнда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект оқу процесіне енгізілген.

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласын анықтады

«Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубымен кездеседі. Бірінші матч Алматыда өтеді.