Бөрлі ауданында Департамент басшысы М.Байсаловтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Ой мен білім алаңы» атты QUIZ сайысы өтті.
Іс-шараға ауданның мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, заңнама, логикалық тапсырмалар және кәсіби құзыреттер бойынша өзара бақ сынасты. Сайыс мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттыруға, кәсіби білімін жетілдіруге, командалық өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталды.
Іс-шара соңында Департамент басшысы М.Байсалов «Ой мен білім алаңы» атты QUIZ сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, үздік командаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

