Сурет: aa.com.tr
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Сеул орталық аудандық соты оны әскери дрондарды Пхеньян әуе кеңістігіне жіберуге бұйрық бергені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Yonhap агенттігінің мәліметінше, бұрынғы президент «жауға жәрдемдесу» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айыпталды. 2024 жылдың қазан айында Юн Сок Ёль дрондардың Солтүстік Корея әуе кеңістігін бұзуын ұйымдастырып, Пхеньянды арандатқан.
Сот шешіміне сәйкес, бұрынғы президент 30 жылға сотталды. Оның адвокаттары үкімге шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Бұл іс бойынша бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён да 30 жылға бас бостандығынан айырылды.
2024 жылғы 3 желтоқсанда Юн Сок Ёль оппозицияны «мемлекетке қарсы әрекетпен» айыптап, әскери жағдай енгізген еді. Алайда Ұлттық жиналыс бұл шешімнің күшін жойды. 2024 жылғы 14 желтоқсанда парламент оған импичмент жариялап, 2025 жылғы 4 сәуірде Конституциялық сот оны қызметінен түпкілікті шеттетті.

