Сурет: istockphoto.com
Facebook, Instagram, WhatsApp және Messenger пайдаланушылары әлем бойынша сервистердің жұмысындағы ақауларға шағымдануда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Downdetector сервисінің деректеріне сәйкес, Meta компаниясына тиесілі барлық платформаларда іркілістер байқалған. Қазақстандық пайдаланушылар да сервистердің жұмысындағы мәселелерді хабарлаған.
Пайдаланушылар көбінесе веб-нұсқаға кіре алмау, аккаунттардан күтпеген жерден шығып кету, жаңалықтар таспасын жаңарта алмау және жаңа жазба жариялау мүмкін еместігіне шағымдануда.
«Біз қайта оралып жатырмыз, Дегенмен барлық сервистің толық қалпына келуі үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін», деп жазды Meta компаниясының өкілі Энди Стоун X әлеуметтік желісінде.

