Categories Әлем

Мексикада бес полицей қаза тапты

Сурет: delfi.lt

Мексиканың Мичоакан штатында белгісіз қарулы адамдар полиция патруліне оқ жаудырды. Салдарынан бес полиция қызметкері қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Билік өкілдерінің мәліметінше, шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оларды ұстау бойынша арнайы операция басталды.

Құқық қорғау органдары шабуылға қылмыстық топтардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр.

Оқиғаға қарамастан, билік өкілдері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздік толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Air Canada ұшқышына жеті қылмыстық айып тағылды

Air Canada ұшқышына жеті қылмыстық айып тағылды. Ол 17 жыл бойы қажетті лицензиясыз әуе кемесінің…

Трамп Иранға «өте күшті соққы» жасайтынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон уақыты бойынша 11 маусым кешінде Иранға қуатты соққы жасайтынын хабарлады.

Конгода Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 127-ге жетті

Конго Демократиялық Республикасында Эбола қызбасының 635 расталған жағдайы тіркеліп, 127 адам қайтыс болды.