Алматы әуежайында құбырлар жолаушылардың үстіне құлай жаздады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде жолаушылардың маңына биіктен ажырап кеткен құбырлар құлаған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, конструкциялар адамдардың, оның ішінде балалар мен қарттардың жанына түскен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің бірі оқиғаның өте жылдам болғанын айтып, жолаушылардың дер кезінде әрекет етуге үлгермеуі мүмкін екенін жеткізді.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, инженерлік жүйелерді монтаждау кезінде икемді желдету құбыры түсіріліп жатқан сәтте ажырап кеткен. Алайда конструкция сақтандыру арқандарына ілініп қалғандықтан, зардап шеккендер жоқ.

Әкімшілік барлық элементтердің дереу бөлшектелгенін және қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғанын хабарлады. Аталған жұмыстар әуежайды жоспарлы жаңғырту аясында жүргізіліп жатқан.

Ұқсас жазбалар

Президент бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады. Кездесуде бала құқықтарын қорғау…

Мемлекет басшысы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп…

Конституция күніне орай екі күн демалыс берілуі мүмкін бе?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Конституция күніне байланысты демалыс күндерінің санын көбейту…