Сурет: Egemen Qazaqstan
Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімшесінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин салмағы 165,2 тонна болатын теміржол вагонын 9 метр қашықтыққа тартып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін, 2024 жылы ол салмағы 94 тонна вагонды тартып, ел рекордшысы атанған болатын. Жаңа жетістік ТЖМ қызметкерінің күш-қуаты, төзімділігі мен мақсаткерлігінің айқын дәлелі болды.

