Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты заңға қол қойды. Бұл заң Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, Президент Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптар арасындағы кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды. Тағы бір заң Оман Сұлтандығымен қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен оған Хаттаманы ратификациялайды.
Заңдардың толық мәтіндері баспасөзде жарияланатын болады.

