Астанада көпір үстінде ереже бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Сурет: Видеодан алынған кадр

Астанада жол ережесін өрескел бұзған 20 жастағы жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол Қошқарбаев көшесіндегі көпірде көлік ағындарын бөлуге арналған жолақпен жүріп өтіп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, Toyota автокөлігін 20 жастағы азамат басқарған. Бейнекадрлардан көліктің қауіпсіздік аралымен жүргені көрінеді.

Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, оны бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартты. Оған көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру қағидаларын бұзу, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айып тағылды.

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы халықаралық және ведомстволық мәселелер бойынша заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты заңға қол қойды. Бұл заң Қазақстан Республикасының кейбір…

Президент Канада халқына бақ-береке тіледі

Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Еңбек министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдап, ведомствоның 2025 жылғы жұмыс…