Categories Әлем

Қазақстан іздеу жариялаған 80 адам шетелде анықталды

Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қылмыстық жауапкершіліктен қашып жүрген адамдарды табу және ұстау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеген 80 адам шетелде табылып, оның 47-сі ұсталды. Сонымен қатар, республика аумағында шет мемлекеттердің бастамасымен іздеуде жүрген 371 адамның жүрген жері анықталып, 107-сі қолға түсті.

Астанада криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол Алматыда тұрғын үй кешенін салу сылтауымен үлескерлердің ақшасын заңсыз иемденген. Келтірілген шығын шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды.

Алматыда ҚР ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Хорватияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуге жарияланған шетел азаматы ұсталды. Ол ақша жымқыру және оны заңдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын шамамен 30 миллион еуроны құрайды.

Тбилисиде Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта оны елге экстрадициялау мәселесі қарастырылуда. Ол автокөлік сату барысында бірнеше алаяқтық әрекет жасап, жәбірленушілерге 118 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Молдова аумағында Қазақстанның құқық қорғау органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол Қарағанды облысындағы есірткі зертханасының қызметін криптовалюта аударымдары мен мессенджерлер арқылы үйлестіріп, қаржыландырған. Бұған дейін аталған зертхана жойылып, заңсыз айналымнан есірткі заттары, жабдықтар және прекурсорлар тәркіленген болатын.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүрген адамдарды анықтау, іздестіру және ұстау жұмыстарын ел аумағында да, шетелде де жалғастырады.

Ұқсас жазбалар

157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН

Калтаева более 20 лет занимается вопросами инклюзии и защиты прав людей с инвалидностью в Казахстане.…

Астанада III архившілер конгресі басталды

Астанада «Digital Archive EXPO» III архившілер конгресі өтіп жатыр. Үш күнге созылатын жиынға әлемнің 30…

Түркістанда түркі мемлекеттерінің білім министрлерінің ІХ отырысы өтті

Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің білім министрлерінің ІХ отырысы өтті.