Categories Жайық news

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Мирас Мүлкәй тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен БҚО әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өңір басшысы өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Мирас Мүлкәйға алдағы жауапты қызметінде табыс пен сәттілік тіледі. Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бірқатар маңызды міндеттерді атап өтіп, жаңа орынбасардың осы бағыттарда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.
Әр жылдары:
• Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі- абаттандыру секторының бас маманы,
• Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі,
• Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің орынбасары,
• Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы,
• Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінде болды.
Мирас Мүлкәй құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы, абаттандыру мәселелеріне жетекшілік етеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…