Егіс науқаны межелі мерзімде аяқталды

Сурет: primeminister.kz

Биылғы егіс науқаны еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімде аяқталды. Бұл Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Науқанның уақтылы жүргізілуіне Үкіметтің мемлекеттік кешенді қолдау шаралары ықпал етті. Шаруаларды материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту басымдыққа ие болды.

Биыл жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрады, бұл өткен жылдан 180 мың гектарға артық. Дәнді дақылдар 14,6 млн гектар, майлы дақылдар 4,2 млн гектар, мал азықтық дақылдар 1,2 млн гектар, мақта 166 мың гектар, көкөніс 120 мың гектар, картоп 126 мың гектар, бақша дақылдары 84 мың гектар, қант қызылшасы 22 мың гектар көлемді алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет егіс науқандарын ерте қаржыландыру тетігін енгізді. Бұл егіншілерге қаржы ресурстарын алдын ала тартуға, тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдары мен техниканы тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде маусымдық баға өсіміне тәуелділік төмендейді.

Биыл көктемгі және күзгі дала жұмыстарын 5% жеңілдікпен қаржыландыруға 750 млрд теңге бөлу жоспарланған. Өтінімдер қабылдау былтыр қазан айында басталды. Кепіл базасы жеткіліксіз фермерлерге қарыз сомасының 85%-ы мөлшерінде мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасы енгізілді. Биыл 273 млрд теңге көлеміндегі несиеге 1 733 кепілдік берілді.

Негізгі астық егетін өңірлер – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары. СҚО-да егіс алқабы 4,3 млн гектар, дәнді дақылдар 2,9 млн гектар, майлы дақылдар 1 млн гектар. Ақмола облысында жалпы егіс алқабы 5,6 млн гектар, дәнді дақылдар 4,5 млн гектар, майлы дақылдар 715 мың гектар. Аршалы ауданында жылына 3 млн тонна шикізат өңдейтін астықты терең өңдеу зауыты салынып жатыр. Жоба «Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd.» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Ұқсас жазбалар

Астанада баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған ер адам ұсталды

Астанада 56 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баланы қараусыз қалған аулаға сүйреп әкетпек болды деген…

Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 10 маусымға күн райына қатысты ескерту шығарды. Елдің 16 өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ,…

Қытайлық инвесторлар БҚО-да жаңа зауыттар мен электр стансаларын салады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, Ляонин…