Филиппиндегі жер сілкінісі: 32 адам қаза тауып, Жапонияға цунами қаупі төнді

Сурет: Report

Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 7,8 болатын жер сілкінісі салдарынан 32 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи апаттан кейін Жапонияның бірқатар жағалау аймақтарына цунами қаупі жарияланды. Жағалауда биіктігі 1 метрге жеткен толқындар тіркелген.

Дженерал-Сантос қаласында бірнеше ғимарат құлап, инфрақұрылым зақымданды. Кем дегенде бір жағалаудағы ауылда цунами ғимараттарды қиратты.

Жер сілкінісінің эпицентрі Генерал-Сантос қаласынан солтүстікке қарай 51 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Қала халқы шамамен 697 мың адамды құрайды.

Филиппиннің Азаматтық авиация басқармасы (CAAP) Генерал-Сантос әуежайын уақытша жапты. Филиппин президенті Фердинанд Маркос кіші Минданао аралындағы кейбір аймақтарда сабақты тоқтатуға бұйрық беріп, үкіметтік мекемелерге апат салдарын жоюды тапсырды.

Жапонияда цунами қаупіне байланысты ондаған мың тұрғын эвакуацияланды.

Ұқсас жазбалар

Теміртауда бесқабатты үйде өрт шығып, 7 бала құтқарылды

Теміртауда бесқабатты үйде өрт шығып, ТЖМ бөлімшелері 13 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды.

Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен адам қайтыс болды

Астанада көліктегі газ баллонының жарылуынан зардап шеккен адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық…

Аида Балаева кітапхана қызметіне терең талдау жүргізуді тапсырды

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды. Бұл жұмыс кітапхана инфрақұрылымы мен ғимараттарының жай-күйін,…