Categories Қоғам

NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасауда бірлеседі

Сурет: Egemen Qazaqstan

NVIDIA компаниясы гуманоидты роботтар өндірісін бастап, жаңа дата-орталықтар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компания бас директоры Дженсен Хуанг Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Д. Хуангтың айтуынша, робототехниканы дамыту үшін NVIDIA Оңтүстік Кореяның LG Group компаниясымен стратегиялық серіктестік орнатады. Екі тарап қозғалтқыш технологиялары мен механикалық жүйелер саласында бірлесіп жұмыс істейтін болады.

«Біз гуманоидты робототехника мен роботтардың болашағын бір арнаға біріктіргіміз келеді. Қазір LG Group-пен қозғалтқыш жүйелері және механикалық шешімдер бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол LG Group төрағасы Ку Кван Момен кездесуден кейін.

Сонымен қатар NVIDIA LG-мен бірге деректер орталықтарын дамыту жобасына да қатысады. Гуманоидты роботтар — адамға сыртқы келбеті мен қозғалысы жағынан ұқсас антропоморфты машиналар. Олар болашақта өндіріс орындарында да, тұрмыстық салада да кеңінен қолданылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

«Таза Қазақстан»: Астанада жастар экологиялық акция өткізді

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмысы өтті. Алматы ауданы әкімдігі мен «Астана жастары»…

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Астанадағы №7 Балалар кітапханасында «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды Астана…

«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмысы жүргізілді. Алматы ауданының әкімдігі мен «Астана…