Categories Көңіл ашар

Қазақстандық ескек есушілер Мәскеудегі халықаралық жарыста алтын және күміс алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мәскеуде өтіп жатқан академиялық ескек есуден «65-ші Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2000 метр қашықтықта JM2 санатындағы жұптық сында Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев 06:50.25 секунд уақытпен бірінші орынды иеленді. Күміс пен қола жүлделер ресейлік спортшыларға бұйырды.

Сондай-ақ ересектер арасында Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев жұбы жеңіл салмақтағы 2000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл додаға 6 елден 447 спортшы қатысуда.

Ұқсас жазбалар

Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында сынға түседі

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесімен «Ролан Гаррос» финалында чехиялық-америкалық жұпқа қарсы ойнайды.

Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді

Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді. Плоггинг – жүгіру мен қоқыс…

Қазақтың тазысы Италиядағы халықаралық көрмеде чемпион атанды

Қазақы тазы тұқымды Кербез атты ит Италияда өткен халықаралық көрмеде чемпион атағын жеңіп алды.