Сурет: Egemen Qazaqstan
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен өткізген жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Ереванда өткен матчта екі гол да екінші таймның басында соғылды. 50-минутта Қазақстан сапынан Максим Самородов есеп ашты. Үш минуттан кейін Армения атынан Эдуард Сперцян есепті теңестірді.
Қазақстан құрамасы келесі жолдастық ойынын 9 маусымда Венгрияға қарсы өткізеді.

