Categories Спорт

Оралдық дзюдошы Фатима Сұпығалиева – Азия ойындарының чемпионы атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған оралдық спортшы Фатима Сұпығалиева дзюдодан алтын жүлдеге ие болды.

52 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда Қырғызстан өкілі Милена Боруболотованы айқын басымдықпен – иппон тәсілі арқылы жеңіп, Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов:
— Фатима Сұпығалиева болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларымыздың бірі. Оның жүйелі жаттығу жасауына, тұрақты жарыстарға қатысуына басқарма тарапынан бар жағдайыды жасап отырмыз. Сондай-ақ, БҚО Дзюдо федерациясы тарапынан да үздіксіз қолдау көрсетіліп келеді. Фатима жақын арада Жапонияға жаттығу жасауға аттанады. Денсаулығын қадағалап, дұрыс бағытта жаттығу жасау үшін аянып қалып жатқан жоқпыз. Оны алда үлкен додалар күтіп тұр. Әлем, Азия чемпионаттарына қатысып, жеңіске жететініне сенім мол. Бастысы, Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын көтеретін спортшыларымыздың бірі ретінде барлық жағдайды жасаймыз,-деді.

Фатима Сұпығалиева – бұған дейін де бірнеше республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарған дарынды спортшы. Азия ойындарындағы бұл жетістік – оның спорттық жолындағы ірі белестердің бірі.

Ұқсас жазбалар

Мирра Андреева «Ролан Гаррос» турнирінде тұңғыш рет жеңіске жетті

Ресейлік теннисші Мирра Андреева мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» санатындағы жарыста жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық ойында тең түсті

Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық ойында 1:1 есебімен тең түсті. Голдар екінші таймның басында соғылды.

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women финалында жеңілсе де, бірінші орнын сақтап қалды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева беделді Norway Chess Women турнирінің жеңімпазы атанды. Соңғы турда гроссмейстер Қытайдан…