Сурет: Egemen Qazaqstan
Астана қаласы әкімдігі елордада екінші халықаралық әуежай салынатын аумақ белгілі болғаны туралы тараған мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің ресми сайтында жарияланған хабарламада аталған аумақтың Астана қаласының әкімшілік шекарасына кірмейтіні, сондықтан оның Бас жоспарда екінші әуежай орны ретінде қарастырылмайтыны айтылған. Қазіргі уақытта әуежайдың нақты орны бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған, Бас жоспарға түзетулер енгізу аясында тек ықтимал бағыттар ғана қарастырылуда.
Қала билігі БАҚ өкілдері мен желі қолданушыларын тек ресми және тексерілген мәліметтерге сенуге шақырады. Нақты ақпарат алу үшін «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына» ресми сұраныс жолдауға болады.

