Сурет: forbes.kz
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, ел экономикасының негізгі көрсеткіштері оң динамиканы сақтап отыр. Жыл басында мұнай бағасы барреліне шамамен 67-70 доллар болса, қазір 100 доллар шамасында тұрақтанған. Валюта нарығындағы қазіргі өзгерістер қалыпты нарықтық үдеріс саналады.
«Доллардың әлсіреуі мен қайта нығаюы – нарық заңдылықтарына сәйкес жүріп жатқан қалыпты құбылыс. Егер қандай да бір сыртқы күйзелістер болмаса, ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне негіз жоқ», деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк мәліметінше, бүгін айырбастау орындарында 1 доллар 485,34 теңгеден саудаланып жатыр.

