Сурет: Egemen Qazaqstan
Астана қаласының Мансап орталығы елорда тұрғындарына жаңа мамандықты тегін меңгеріп, кейін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазір еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқуға қабылдау жүргізілуде. Оқуды аяқтаған соң қатысушыларды жұмысқа орналастыру көзделген.
Оқыту мына мамандықтар бойынша өтеді: аспаз, маркетолог, тәрбиеші көмекшісі, флорист-декоратор, шахмат жаттықтырушысы және әкімші.
Оқу кезінде қатысушыларға ай сайын 86 500 теңге жалақы төленеді. Оқу мерзімі 2-3 айды құрап, тікелей жұмыс берушінің базасында өтеді.
Қосымша ақпаратты Астана қаласының Мансап орталығынан алуға болады.

