Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Таза Қазақстан» жобасының ауқымы кеңейіп, жалпыұлттық қоғамдық қозғалысқа айналғанын мәлімдеді. Бұл бастама тек қоршаған ортаны қорғаумен шектелмей, жауапты әрі саналы қоғам қалыптастыруға да ықпал етіп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ерлан Қариннің айтуынша, жоба халықтың белсенді қатысуының арқасында жаңа деңгейге көтерілген. Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» аясында мыңдаған еріктілер мен ұйымдар бірігіп, экологиялық акциялар өткізіп жатыр.
«Біздің мақсатымыз – тазалықты әдетке айналдыру. Әрбір азамат өз үйінің, көшесінің, қаласының тазалығына жауапты екенін сезінуі керек», — деді мемлекеттік кеңесші.
Жоба тек экологиялық мәселелерді шешіп қана қоймай, халықтың бірлігін нығайтып, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға да септігін тигізуде. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» қозғалысын одан әрі дамыту жоспарлануда.

