Тоқаев «Атлетико де Мадрид Қазақстан» академиясында футболшылармен кездесті

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына арнайы барып, жас спортшылармен жүздесті. Бұл – еліміздегі бірегей халықаралық спорт жобасы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Академияның басты мақсаты – жергілікті таланттарды әлемдік деңгейде дайындау. Мұнда Испанияның әйгілі «Атлетико де Мадрид» клубының әдістемесі бойынша жаттығады.

Біздің балаларға үлкен мүмкіндік ашылды. Енді олар еуропалық стандартта футбол үйренеді, – деді академия жетекшісі.

Тоқаев жаттығу алаңын аралап, жаттықтырушылармен пікір алмасты. Ол спорттық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.