Сурет: Ақорда
Президент Қонаев қаласына жасаған сапарында инфрақұрылым құрылысының баяулығына наразылық білдірді. Оның айтуынша, облыстың даму қарқыны жаман емес, бірақ олқылықтар әлі де көп.
«Баяғы жартас – сол жартас», – деп мәлімдеді Президент, құрылыс жұмыстарының ілгерілемей тұрғанын айта келе. Ол жауаптыларға нақты тапсырмалар беріп, мерзімдерді қатаң сақтауды талап етті.
«Негізі, облыстың даму қарқыны жаман емес, тиісті жұмыс істеліп жатыр. Алайда олқылық та бар», – деді Президент.
Қала тұрғындары да құрылыстың баяулығына шағымданып, әлеуметтік нысандардың уақытында салынбауына алаңдаулы. Президенттің сынынан кейін жергілікті әкімдік жұмысты жеделдетуге уәде берді.

