Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада Парламент Сенаты мен Ұлттық банк бірігіп, ақша-кредит саясаты бойынша білім курсын бастады. Семинардың ашылуында тыңдаушыларға Сенат төрағасы сәттілік тіледі., деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Курсқа мемлекеттік қызметкерлер, экономистер және банк саласының мамандары қатысады. Олар инфляция, пайыздық мөлшерлеме және ұлттық валюта тұрақтылығы сынды тақырыптарды тереңірек меңгереді.
«Бұл курс – экономикалық сауаттылықты арттырудың маңызды қадамы. Біз теорияны ғана емес, практикалық дағдыларды да үйретеміз», – деді Ұлттық банк өкілі.
Семинар екі аптаға созылады. Қатысушылар соңында сертификат алады. Алдағы уақытта мұндай курстарды өңірлерде де өткізу жоспарланған.

