Сурет: Egemen Qazaqstan
Синоптиктер 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның 17 облысында найзағай, бұршақ және қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы күрт көтеріліп, кей жерлерде 35-40 градусқа жетеді. Сонымен қатар, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
«Дауылды ескерту аясында халыққа сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Ашық жерде болмау, электр құрылғыларын пайдаланбау керек», – делінген хабарламада.
Әсіресе, Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық күтіледі. Орал қаласы мен Жайық өңірінде термометрлер 38 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер суды көп ішіп, күннің көзіне ұзақ қалудан сақтануға кеңес береді.

