Categories Әлем

Әлем чемпионатына баратын қазақстандықтарға маңызды ескерту: көші-қон ережесін бұзбаңыз

Сурет: Ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігі футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына баратын қазақстандық жанкүйерлерге ескерту жасады. Ресми өкіл Ерлан Жетібаев шетелдің көші-қон заңнамасын қатаң сақтау керектігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілінің айтуынша, жанкүйерлер чемпионат өтетін елге кірерде визалық режимді, төлқұжаттың жарамдылық мерзімін және басқа да талаптарды алдын ала тексеруі қажет. Сонымен қатар, шетелде жүргенде уақытша тіркеу ережелерін бұзбау маңызды.

«Әр елдің өз көші-қон ережелері бар. Оларды сақтамау айыппұлға немесе елден шығарылуға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан сапар алдында егжей-тегжейлі ақпарат алыңыздар», – деді Ерлан Жетібаев.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына шетелде қиындық туындаса, жақын маңдағы елшілікке немесе консулдыққа жүгінуге кеңес береді. Чемпионатқа баратын жанкүйерлерге қажетті құжаттар тізімі мен байланыс деректері министрліктің ресми сайтында жарияланған.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…