Сурет: Egemen Qazaqstan
16 жасқа толмаған қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Франция ашық чемпионатындағы алғашқы ойынын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінде Заңғар Нұрланұлы бірінші айналымда қарсыласын тізе бүктірді. Оның қарсыласы кім болғаны және есеп туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Бұл — Заңғардың әлемдік деңгейдегі алғашқі ірі турнирі. Жас теннисші бұған дейін халықаралық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жеткен болатын.

